«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 22 тамыздағы № 231-ө Өкімі
Осы редакция 2007 жылғы 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
| Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 22 тамыздағы
231-ө өкімімен
Бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
| Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушы | Орындау мерзімі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1 | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТМРА | 2007 жылғы тамыз |
| 2 | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мәселелері | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АБА | 2007 жылғы тамыз |