Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 328-ө Өкімі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім
беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 328-ө Өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2007 жылғы 7 қарашадағы

№ 328-ө өкімімен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасының

кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі заңдарын іске асыру

мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі