«Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2
007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 7 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары және өзге де ұйымдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын, 30 маусымға және 30 желтоқсанға олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі жыл сайын, 10 шілдеге және 10 қаңтарға Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының