Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуіне мониторингті жүзеге асыру регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 408 бұйрығы
(2010.25.01. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде норма шығармашылық жұмысының деңгейін жоғарылатуды әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің есебін жүргізуді және талдауды іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік құқықтық актілер жобалары әзірлеуіне мониторингті жүзеге асыруға ұсынылған регламенті бекітілсін.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.17.01 № 17 бұйрығымен (бұр. ред. қара); 2010.25.01. № 35 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Ресбуликасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы (Е.И. Аманға) жүктелсін.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.13.04 № 214 бұйрығымен (бұр. ред. қара); 2010.25.01. № 35 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Ресбуликасы ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің осы бұйрықты орындау бойынша үйлестiру жұмысын Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу стратегиясы департаментімен (Жеңісов Ә.Ж) қамтамасыз етілсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің м.а. | Д. Айтжанов |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2007 жылғы 27 маусымдағы
№ 408 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік
құқықтық актілер жобаларын әзірлеуіне мониторингті жүзеге асыру
РЕГЛАМЕНТІ