(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ 2007.24.05 № 121 ҚАУЛЫСЫ

Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Жамбыл облыстық әкімиятының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 121 қаулысы

(2007.13.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 27 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 31 бабындағы 2 тармағының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1188 Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы» қаулысын орындау үшін, Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

2. Облыс әкімиятының білім беру департаменті белгіленген тәртіппен мемлекеттік білім беру тапсырысын бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім беру ұйымдарына орналастырсын.

3. Бекітілген білім беру тапсырысы шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1188 «Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы» қаулысымен белгіленген квота қолданылады деп анықталсын.

4. Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 64 «Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2006-2007 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1659 болып тіркелген, 2007 жылдың 12 мамырында «Ақ жол» № 74 және «Знамя труда» № 52 газеттерінде жарияланды) күші жойылсын.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Қ.І. Ақсақаловқа жүктелсін.

 

Облыс әкімі

 

Облыс әкімиятының

2007 жылғы 24 мамырдағы

№ 121 қаулысына 1 қосымша

 

Бастауыш кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.