Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қарашадағы № 1188 қаулысы (ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1276 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу
кезiнде адамдардың жекелеген санаттары үшiн қабылдау квотасын белгiлеу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 11 қарашадағы № 1188 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1276 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 Қаулысымен күші жойылды

 

"Білiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1276 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды

1. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн білiм ұйымдарына оқуға түсу кезiнде бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан мынадай қабылдау квотасы белгiленсiн:

1) ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға - 30 пайыз;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға - 2 пайыз.

3) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін - 0,5 пайыз;

4) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз.

2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов