Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1276 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1188
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1276 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 Қаулысымен күші жойылды

 

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Кәсіптік орта және жоғарғы білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 39, 404-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:

"3) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін - 0,5 пайыз;

4) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Д. Ахметов