«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы № 953-1 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы
№ 822 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы № 953-1 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):

1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары» деген 1-бөлімде:

«2007-2009 жылдары Қазақстан экономикасының жедел өсуін қамтамасыз ету үшін экономиканы мемлекеттік басқаруды жетілдіру» деген 5-тарауда:

«2007-2009 жылдары макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету» деген 1-параграфта:

«Тұрақты экономикалық өсу» деген ішкі бөлімде:

бірінші абзацта «9,3%» деген сандар «9,5%» деген сандармен ауыстырылсын;

екінші абзацта «30,7» деген сандар «31,3» деген сандармен ауыстырылсын;

үшінші және төртінші абзацтар алынып тасталсын;

бесінші абзацтағы «10031» деген сандар «9393» деген сандармен ауыстырылсын;

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Мұнай бағасының күтпеген жерден өзгеруі түрінде көрініс беруі мүмкін орнықсыздық факторларының әсерін ескеріп, 2007 жылы мұнайдың әлемдік бағасы орташа есеппен алғанда 1 баррель үшін 69,5 АҚШ долларына жетеді деп күтіліп отыр, 2008-2009 жылдары 1 баррель үшін 60 АҚШ доллары деңгейінде болады»;

жетінші абзацтағы «8,7» деген сандар «7,8» деген сандармен ауыстырылсын;

сегізінші абзацтағы «114,7» деген сандар «111,5» деген сандармен ауыстырылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері» деген 2-бөлім осы каулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3) көрсетілген қаулымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштерінің болжамы» деген 3-бөлім осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген «2007-2009 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі» деген 4-бөлім осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

5) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлім осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Құпия.

3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 16 қазандағы

№ 953-1 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 25 тамыздағы

№ 822 қаулысымен

Бекітілген

 

 

2-бөлім.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық

дамуының 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік

реттеуіштерi

 

 

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін

қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) бағалардың және

тарифтердің шекті өсуінің 2007-2009 жылдарға

арналған болжамы

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 16 қазандағы

№ 953-1 қаулысына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 25 тамыздағы

№ 822 қаулысымен

Бекітілген

 

 

3-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық

дамуының 2007-2009 жылдарға арналған маңызды

көрсеткіштерінің болжамы

 

 

  

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 16 қазандағы

№ 953-1 қаулысына

3-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 25 тамыздағы

№ 822 қаулысымен

Бекітілген

 

 

4-бөлім. 2007-2009 жылдарға арналған қолданыстағы және

әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық)

бағдарламалардың тізбесі

 

кестенің жалғасы