«Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы №1031 қаулысы (2012.17.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1031 Қаулысы

(2012.17.01. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 426 Қаулысымен  күші жойылды

 

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қосымшаға сәйкес мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкалары белгіленсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2012.17.01. № 79 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2007 жылғы

2 қарашадағы №1031

 қаулысына қосымша



Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудағы жалдау ақысының
ставкалары

 

кестенің жалғасы

 

Ескертпе:

Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудағы жалдау ақысы ставкаларының есебі 1 шаршы метр үшін айлық есептік көрсеткішпен жалдау ақысының ставкасын жалдау ақысының ставкаларына және жалға берілетін алаң санына әсер ететін факторлар ескеріле отырып, көбейту жолымен есептеледі.