«Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1105 Қаулысы (2008.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1105 Қаулысы

(2008.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Мүдделі мемлекеттік органдар, облыстар әкімдері және ұйымдар:

1) Жоспардың тиісінше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы талдамалық ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 19 қарашадағы

№ 1105 қаулысымен

бекітілген

 ҚР Үкіметінің 2008.27.08. № 776 қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету

жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

Ескертпелер:

* - Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды қаржылай қамтамасыз ету көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде белгіленетін болады.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

 

ДСМ                      - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

ИСМ                      - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

БҒМ                      - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қоршағанортамині         - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

АШМ                     - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ККМ                      - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

ЭБЖМ                     - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

ЭМРМ                     - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

ТМРА                     - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

РБ                       - республикалық бюджет

«Самұрық» ҚХ» АҚ     - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы

«Қазына» ОДҚ»»АҚ     - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ          - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

«АКК» ҰК» АҚ - «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

ОҚО                     - Оңтүстік Қазақстан облысы

ӘКК                     - Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар

«Қазмырыш» АҚ        - «Қазмырыш» акционерлік қоғамы

«Қазақмыс» корпорациясы» - «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ акционерлік қоғамы

«АҚРҒӘО» ММ         - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі

республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі

«Қазфосфат» ЖШС      - «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«ҚазАзот» ЖШС         - «ҚазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 «Ана Жер» ҒӨБ ЖШС        - «Ана Жер» ғылыми-өндірістік «Бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 «Экобиошунгит» ҒӨО»      - «Экобиошунгит»

ЖШС                     ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

 «ҚазАгро» ҰХ» АҚ      - «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы