(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2006.12.12 № 320 ШЕШІМІ

Қостанай қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 320 шешімі

(2007.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 16 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес, «Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық Мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 шешімі негізінде және Қостанай қаласы әкімдігінің қаулысын қарап, Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2007.18.01. № 329 ; 2007.09.04. № 348 шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2007 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1) Кірістер 10328043 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

салықтық түсімдер 7402568 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 39490 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1144226 мың теңге;

трансферттер түсімдері 1741759 мың теңге;

2) шығыстар 11263262 мың теңге;

3) операциялық сальдо -935219 мың теңге;

4) таза бюджеттік несиелеу 5544 мың теңге, оның ішінде бюджеттік несиелерді өтеу 5544 мың теңге;

5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 1000 мың теңге;

6) тапшылық -930675 мың теңге;

7) тапшылықты қаржыландыру 930675 мың теңге. 

2. Бюджет Кодексіне сәйкес 2007 жылда қала бюджетіне түсімдер, облыстық және республикалық бюджеттердің кірісіне есептелетінен басқа, толық көлемде есептеленеді:

1) салықтық түсімдер:

жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; мүлікке салынатын салықтар; жер салығы; көлік құралдарына салынатын салық; акциздер; табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер; кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар; мемлекеттік баж;

2) салықтық емес түсімдер:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.