«2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 Қаулысы (2010.19.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 Қаулысы

(2010.19.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. 2009 жылғы 25 ақпан-6 наурыз кезеңінде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізілсін.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3. Жергілікті атқарушы органдарға 2008 жылғы 1 шілде 2009 жылғы 1 сәуір кезеңінде әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату мен қайта құру және көшелерді қайта атау туралы ұсыныстарды енгізбеу ұсынылсын.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.23.12. № 1227 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.20.03. № 362 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2132 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.19.05. № 464 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 28 қарашадағы

№1138 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспары

 

 

Ескертпе:

*2009-2011 жылдарға арналған қаржыландыру көлемі тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланады.

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы: