(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИН. 2003.10.01 № 16 БҰЙРЫҒЫ

Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы
№ 16 бұйрығы

(ҚР Білім және ғылым министрлігінің 01.03.04 ж. № 159; 09.06.04 ж. № 535 ; 2005.12.04 № 234 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 17 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Жоғары білікті кадрларды аттестаттаудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Ғылыми дәрежелер беру ережелері бекітілсін.

2. Жоғары аттестациялық комитет (Құсайынов А.Қ.) жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогтік кадрларды аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарын осы бұйрыққа сәйкес келтірсін.

3. Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы (Күзембаев М.М.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге тапсырсын.

4. Осы бұйрық 2003 жылғы 1 наурыздан қолданысқа енгізіледі.

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2001 жылғы 4 маусымдағы "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" № 422 бұйрығы күшін жойды деп саналсын.

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Ғ.М.Мұтановқа жүктелсін.

Министр

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым Министрінің

2003 жылғы 10 қаңтардағы

№ 16 бұйрығымен бекітілген

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕЛЕР БЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы қағидалар

1. Осы Ережелер ғылыми және ғылыми-педагогтік кадрлардың біліктілігін бағалаудың құқықтық негіздерін және ғылыми дәреже алу үшін ұсынылған диссертациялар жауап беруге тиісті критерийлерді анықтайды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005.12.04  № 234 Бұйрығымен  2- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Ғылымның әр саласы бойынша ғылыми дәрежелер беру жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясатты мемлекеттік аттестаттау органы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (бұдан әрі - Комитет) қамтамасыз етеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.