Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 361; 25.09.01 ж. № 1233; 03.04.02 ж. № 397;
23.04.03 ж. № 387; 16.10.03 ж. № 1059; 19.02.04 ж. № 194;
30.07.04 ж. № 807; 2005.28.02. № 173 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 30 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен Тақырыбында және мәтінде сөздер өзгерді (бұр. ред. қара)
Елдің экономикасындағы туризмнің рөлін арттыру және туризмді дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Туризм жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының