Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Павлодар қаласы әкімиятының 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 553/10 қаулысы
(2007.08.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 9 қарашададағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі қоса беріліп отырған нұсқаулық бекітілсін.
2. Павлодар қаласы әкімдігінің:
2006 жылғы 17 шілдедегі «Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 954/11 (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12-1-71 болып тіркелген, 2006 жылғы 14 тамыздағы № 32 «Версия», 2006 жылғы 10 тамыздағы № 92 «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланған);
2007 жылғы 18 қаңтардағы «Павлодар қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 17 шілдедегі «Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 954/11 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» № 39/1 (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12-1-81 болып тіркелген, 2007 жылғы 12 ақпандағы № 6 «Версия», 2007 жылғы 20 ақпандағы № 21 «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В. А. Берковскийге жүктелсін.
| Павлодар қаласының әкімі | Б. Демеуов |
2007 жылғы 20 сәуірдегі
«Әлеуметтік төлемақы тағайындау
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»
№ 553/10 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік төлемақылар тағайындау жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер