«Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы
№ 962 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 21 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы, «Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебінен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 63 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 2, 33-құжат);
2) «Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 тамыздағы № 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 33, 460-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының