Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң
аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiн қайта атау, Қазақстан
Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу және күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 24 маусымдағы № 695 қаулысы
(2007.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 15 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерi қайта аталсын.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
3. Осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының