«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 Қаулысы (2008.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 Қаулысы

(2008.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 580 (бұр. ред. қара); 2008.29.10. № 991 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. 2008 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын:

1) кірістер - 3329710114 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 2103413632 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 51805329 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8544482 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 1165946671 мың теңге;

2) шығындар - 2716038820 мың теңге;

3) операциялық сальдо - 613671294 мың теңге;

4) таза бюджеттік кредит беру - 50045039 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 55995111 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 5950072 мың теңге;

5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 897980455 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 899480455 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1500000 мың теңге;

6) тапшылық - -334354200 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 2,1 пайыз;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 334354200 мың теңге.

2. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2008 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі айқындалсын.

3. 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыруға жіберілген 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

4. Мыналар:

1) 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

2) 5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

3) 6-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

4) 7-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

5) 8-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 580 қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

6) 9-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

7) 10-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

8) 11-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға:

тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға;

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға;

өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар материалдар мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға;

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;

жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге;

мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға:

қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

9) 12-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға:

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құруға;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивті оқыту жүйесін енгізуге ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

10) 13-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға:

жергілікті деңгейде қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 580 қаулысымен 10-1 тармақшамен толықтырылды

10-1) 13-1-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалақының ең төменгі мөлшерінің ұлғаюына байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарына өтемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

11) 14-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу;

12) 15-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу;

13) 16-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу;

14) 17-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу;

15) 18-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұрғын үй салуға және сатып алуға нөлдік сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша берілетін бюджеттік кредиттердің сомасын бөлу бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 580 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі:

2008 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы «Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін «Достық Энерго» акционерлік қоғамына кредиттік ресурстарды беру тәртібі;

2008 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын 2008 - 2009 жылдардың жылыту маусымында энергиямен тұрақты жабдықтау мақсатында энергия өндіретін ұйымдар үшін отын жеткізу жөніндегі шығындарды өтеу тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2008 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысының 4 және 5-бөлімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктері Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісім бойынша 2008 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде 3-қосымшаға сәйкес ауыз сумен жабдықтау, гидротехникалық құрылыстар, білім беру, денсаулық сақтау және мектепке дейінгі ұйымдар объектілерін салуға және қайта жаңартуға жіберілген инвестициялық жобалар бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы бекітіп беру туралы шешімдерді бекітсін.

8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2008 жылғы 29 қаңтарға дейінгі мерзімде:

1) Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау;

2) бесінші абзацты қоспағанда, осы қаулының 4-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы ережелердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ай сайын, есептіден кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне инвестициялық жобалар бөлінісінде 3-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы ақпарат берсін.

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 580 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:

2008 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 4-тармағының 1) және 10) тармақшаларында көрсетілген облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын;

11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2008 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 4-тармағының 2) және 9) тармақшаларында көрсетілген облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 580 қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды

11-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым және Денсаулық сақтау министрліктері 2008 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендиялар төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу туралы шешім жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 580 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

12. 12. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:

2008 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын;

2008 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар алушыларға 2008 жылғы бірінші жарты жылдық үшін ай сайынғы өтемақыны төлеу тәртібі туралы шешімнің жобасын, сондай-ақ оларды тағайындау туралы шешімдердің нысандары мен көшірмелерін;

2008 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде Қарағанды облысының облыстық бюджетінің «Қарметкомбинат» мемлекеттік акционерлік қоғамы қызметкерлерінің 1995 жылғы қарашаға дейін пайда болған жалақысы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

13. Жергілікті атқарушы органдар 2008 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде 3-қосымшада көзделген ауыз сумен жабдықтау, білім беру, денсаулық сақтау және мектепке дейінгі ұйымдар объектілерін салуға және қайта жаңартуға арналған конкурстық рәсімдерді заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.

14. Орталық атқарушы органдар 2008 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін.

15. Құпия.

16. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2008.15.02. № 141 (бұр.ред.қара); 2008.15.04. № 342 (бұр.ред.қара); 2008.26.05. № 498 (бұр.ред.қара); 2008.10.06. № 561 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді; 2008.13.06. № 580 қаулысымен жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.28.08. № 786 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.03.10. № 911 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.22.10. № 979 (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.29.10. № 991 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1223 қаулысына

1-қосымша

 

 

2008 жылға арналған республикалық бюджет