Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 393-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 393-ө өкімімен
Бекітілген
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Ескертпе:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі