Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 621 Бұйрығы
(2012.23.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 24-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысаны бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Мыналардың:
1) «Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 18 қарашадағы № 937 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3292 тіркелген);
2) «Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 18 қарашадағы № 937 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 286 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4757 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
| Министр | Ж. Түймебаев |
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 621 бұйрығымен бекітілген
Білім беру қызметтерін көрсету
үлгі шартының нысаны
____________________________________________негізінде әрекет етуші
(құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
__________________________________________________________ атынан,