Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт және емдеу-алдын-алу тағамдарын беру нормалары мен ережесін және Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» № 184-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 309-ө Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт және емдеу-алдын-алу тағамдарын беру нормалары мен ережесін және Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық - тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» № 184-ө бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4913 тіркелген, нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, № 172) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт және емдеу-алдын-алу тағамдарын беру нормалары мен ережесіне;
Осы бұйрықпен бекітілген еңбек жағдайлары ерекше зиянды өндірістердегі жұмысқа байланысты жұмыс берушінің қаражаты есебінен емдеу-алдын алу тағамдарын алуға құқық беретін белгілі кәсіптер мен лауазымдары қызметкерлерінің тізбесінде:
2-бөлім. Органикалық өнімдер: