7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: автожол саласында 7 тақырып бойынша, автомобиль көлігі саласында 4 тақырып бойынша, транзит әлеуеті саласында 3 тақырып бойынша және 2 тақырып бойынша темір жол көлігі саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Түпкі нәтижесі: көліктік құрауышты төмендету, тасымалдаудың өзіндік құнын төмендету, ішкі және сыртқы рыноктарда отандық тауарлардың бәсекелестігін жоғарылату жөнінде ұсыныстар, БЭК шеңберінде көлік жүйесінің өңірлік шоғырлануын ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу, көліктік-логистикалық орталықтарды Қазақстанда құруды ынталандыру тетіктерін және оларды дамыту жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу; жол жұмыстарының құнын төмендету және автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және пайдалану сапасын арттыру; темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау көлемін арттыру жөнінде іс-шаралар дайындау; автокөлікпен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау көлемін 1,5%-ға арттыру, халықаралық тасымалдарды орындайтын автокөлік құралдарының санын 5%-ға арттыру.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 7 232 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес бір жылдың ішінде.
Сапасы: Көлікті одан әрі оңтайлы дамыту және шекараны кесіп өтуді оңайлату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамыту, соның ішінде көліктік-логистикалық орталықтарды құруды ынталандыру тетіктерін және көліктік-логистикалық орталықтарды дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Орындалған жұмыстардың сапасы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ғылыми-сараптау кеңесінің қорытындысымен анықталады; жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдарының және жасанды құрылыстардың ұзақтығын және сенімділігін арттыру; қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жолаушылар мен жүктер тасымалының сапасын арттыруға ықпал етеді; қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жолаушыларды және жүктерді тасымалдау сапасын арттыруға ықпал етеді, бұл автомобиль тасымалдарының табыстылығын 3,5 %-ға және пайдалылығын 2,5%-ға арттыруға және автомобиль санын 3,7%-ға көбейтуге септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
171-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге облыстық және аудандық маңызы бар
автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуден өткізуге берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 11371992 мың теңге (он бір миллиард үш жүз жетпіс бір миллион тоғыз жүз тоқсан екі мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары учаскелерінде күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: облыстық және аудандық маңызы бар қашықтығы 431 шақырым автомобиль жолдарында және бір көпірге күрделі және орташа жөндеуді жүргізу.
Соңғы нәтижесі: облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің жай-күйін жақсарту.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі: бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету төмендегі жолдар арқылы жүзеге асырылады:
облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды күрделі және орташа және орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыс әкімдіктері конкурс өткізу;
қолданыстағы нормаларға сәйкес облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды күрделі және орташа жөндеудің сапасына облыс әкімдіктері бақылау жүргізу.
Уақтылығы: жұмыс жүргізу кестесіне және жасалған келісім-шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
172-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ішкі суларда жүзетін «өзен-теңіз» кемелерін жіктеуді және олардың
техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 92050 мың теңге (тоқсан екі миллион елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 наурыздағы № 142 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі суда жүзу кемелерінің және «өзен-теңіз» жүзу кемелерінің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Тиесілігі мен меншік түріне қарамастан, ішкі су жолдарында пайдалануға арналған, ішкі суда жүзу кемелерін және «өзен-теңіз» жүзу кемелерін жіктеу және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 22 бірлік штат санын күтіп-ұстау; арнайы киім тігу, формалық және арнайы киім-кешек тігу, кемелерді жіктеуді қамтамасыз ету және 400 бірлік кемелерге куәландыруды жүргізу; су көлігі облысында өнім және қызмет сертификатына аккредитациядан өту, сынақ лабораториясын ашу және оларды қазіргі заманғы құралдармен жабдықтау, шетелдік техникалық қадағалау және сыныптау органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыруымен бірге, мамандардың біліктілігін арттыру, сынақтан өту және семинарларға қатысу үшін шетелге шығуы.
Соңғы нәтиже: кеме қатынасы процесіне қатысатын кемелердің және басқа да инженерлік құрылыстардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын жақсарту, 1 кемені куәландыру үшін орташа шығын шамамен 116,4 мың теңгені құрайды.
Уақытқа сайлығы: белгіленген мерзімде кемелерді, басқа құрылыстар мен объектілерді техникалық куәландыру.
Сапасы: ішкі суларда жүзу және «өзен-теңіз» жүзу кемелерінің апатсыз жұмыс істеуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
173-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Көліктік дерекқор және тасымалдар қауіпсіздігі серпіні
мониторингінің ақпараттық талдау жүйесін құру»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 290992 мың теңге (екі жүз тоқсан миллион тоғыз жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: транзиттік дәліздерге түсетін жүктемені болжау және басқармалық шешімдерді қолдау мақсатын іске асыратын көліктік дерекқор және тасымалдар қауіпсіздігі серпіні мониторингінің ақпараттық талдау жүйесін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: көліктің барлық түрлерімен тасымалдау бойынша деректер қорын жинау, өңдеу және сақтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 42 өткізу бекеті, Қазақстан Республикасының аумағындағы 25 ішкі посттар арқылы автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын транзиттік тасымалдар туралы жедел, нақты ақпаратты алу; көліктік бақылау постарында бақылауды жүргізу уақытын 3 сағаттан 45 минутқа дейін қысқарту; бақылауды автоматтандыру, көлік құралдарының есептілігін есепке алу және жүргізу; каботаж тасымалдарын анықтау.
Соңғы нәтижесі: көліктің барлық түрлерімен тасымалдау бойынша орталықтандырылған дерекқорды одан әрі дамыту жолымен республика аумағында транзиттік тасымалдар қауіпсіздігінің тиімділігін және деңгейін көтеру. Өндірістік пайдалануға ақпараттық талдау дерекқорын енгізу.
Уақтылығы: жыл бойында жоспарланған іс-шараларды және кесте мен жасалған шарттарға сәйкес қойылған міндеттерді уақтылы орындау.
Сапасы: көліктің барлық түрлерімен тасымалдау саласындағы барлық мүдделі тұлғалар үшін жедел және сапалы ақпаратты ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
174-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындаудың сапасын қамтамасыз ету»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 199670 мың теңге (бір жүз тоқсан тоғыз миллион алты жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Жол саласының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын қамтамасыз ету, қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу жөніндегі орындалған жұмыстардың және қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының, қайта жаңартылатын пайдалануға енгізілетін учаскелерде, сондай-ақ ауыспалы жобалар бойынша ұзақтығы 300 км. қайта жаңартылатын учаскелерде қолданылатын жол-құрылыс материалдарының және 1526 км. жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын, сондай-ақ қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын арттыру есебінен автомобиль жолдары қызметінің нормативтік мерзімін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 1 км. сапасын бақылауды жүргізу үшін шығындар орташа есеппен 8468 теңгені құрайды.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес белгіленген мерзімде орындалатын жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын ұдайы бақылау.
Сапасы: құрылыс нормаларына және ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
175-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жүйелі ішкі авиатасымалдарды субсидиялау»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 667680 мың теңге (алты жүз алпыс жеті миллион алты жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 9-бабы; «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы; «Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы № 915 қаулысы; «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласын Қазақстанның облыс орталықтарымен және ірі қалалармен әуе бойынша қосу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының облыс орталықтарын қосу орташа статистикалық тұтынушылар үшін әлеуметтік маңызы бар рейстер бойынша авиакөлік қызметтеріне қол жеткізілімдігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: орташа статистикалық тұтынушы үшін жүйелі ішкі авиатасымалдарға авиакөлік қызметтеріне қол жеткізілімдігін субсидиялау көлемін кезең-кезеңмен төмендетуге бағытталған икемді тариф жүйесін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: