Өзара есеп айырысуды салыстыру нәтижесінде субсидиялау сомасы
_____________________________________
(сомасы санмен және жазумен теңгемен)
Тараптардың заңды мекен-жайлары:
Уәкілетті орган Авиакомпания
СТН СТН
Банк деректемелері Банк деректемелері
________________________ _________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.)
_______________________________ ________________________________
(бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.) (бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)
М.О. М.О.
Ережеге
6-қосымша
Жолаушылардың, жүктің, багаждың және почтаның тұрақты ішкі
авиатасымалдарын бюджеттік субсидиялаудың
№ ___________ үлгі шарты
Орналасқан жері 200__ жылғы "___"_______
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар, бұдан әрі тапсырыс беруші деп аталатын, ____________________________________________________
(Тапсырыс берушінің толық атауы)
________________________________________________________ тұлғасында
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және __________________________________ негізінде іс-әрекет
(Жарғының, Ереженің және т.б)
ететін, бұдан әрі Орындаушы деп аталатын _____________________
______________________________________________________________
(тапсырыс орындаушының толық атауы)
________________________________________________________ тұлғасында
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1.1. Орындаушы авиабағыттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін бағыттар бойынша тұрақты авиатасымалдарды жүзеге асырады.
1.2. Тапсырыс беруші республикалық бюджеттің (жергілікті бюджеттің) қаражаты есебінен авиатасымалдарды субсидиялауды жүзеге асырады. Субсидиялауға Орындаушының тасымалдарды жүзеге асыруы кезінде белгіленген тариф пен пайдалану шығыстары көлемінің арасындағы алынған айырма жатады.
1.3. Осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын (Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес) 1-қосымшада кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін авиабағыттардың тізбесі, әрбір авиабағыт бойынша тариф келтірілген.
2. Тараптардың кұқықтары мен міндеттері
2.1. Бюджеттік бағдарлама паспортының нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында Тапсырыс беруші орындаушының келісімімен субсидияланатын авиабағыттар бойынша ұшу тарифін және жиілігін өзгертуге құқылы.
2.2. Тапсырыс беруші заңнамада белгіленген тәртіппен және осы Шартта көзделген мерзімде авиабағыттарды бюджеттік субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.
2.3. Орындаушы авиабағыттарға куәліктерге, лицензияға, азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес авиатасымалдарды уақтылы және сапалы орындауға міндеттенеді.
2.4. Тараптар алынған ақпаратқа, сондай-ақ құпиялылық сипаты бар деп арнайы көрсетілген білімге, тәжірибеге қатысты құпиялылықты сақтауға міндеттенеді.
3. Өзара есеп айырысу тәртібі
3.1. Тапсырыс беруші Шарттың 3.3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Авиабағыттарға бюджеттік субсидияларды жұмсау ережесінің ажырамас бөлігі болып табылатын 2-қосымшаға сәйкес Салыстыру актісіне қол қойылған күннен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде 1-қосымшаға сәйкес бюджеттік субсидиялар төлеуді жүзеге асырады.
3.2. Орындаушы ай сайын, айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде Тапсырыс берушіге ұйымның басшысы, бас бухгалтері куәландырған және мөрі қойылған мынадай құжаттарды:
1) бюджеттік субсидияланатын авиабағыттар бойынша жолаушылардың, жүктің, багаждың және почтаның тасымалы туралы есебін;
2) бюджеттік субсидияланатын авиабағыттар бойынша шығыстар тізілімін;
3) рейстің орындалуы туралы есебін қоса бере отырып, белгіленген нысан бойынша авиабағыттардың айлық қаржылық есебін ұсынады.
3.3. Ұсынылған шоттармен келіспеген жағдайда Тараптар орындалған рейстердің шоттары мен тізілімдерін нақтылауды жүргізеді. Шоттарды қарау мен нақтылау мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Шоттар мен тізілімдерді нақтылау осы шоттар бойынша төлеу мерзімін тоқтатпайды. Шоттар бойынша нақтыланған сомалар Тапсырыс берушіге келесі айдың қаржылық есебін ұсыну кезінде ескеріледі.
3.4. Тапсырыс беруші қоса берілген құжаттармен бірге айлық қаржылық есепті қабылдағаннан кейін Ережеге 2-қосымшаға сәйкес Салыстыру актісін жасайды және жүргізілген шығыстардың мақсатты пайдаланылуы туралы қорытынды жасай отырып, авиатасымалдардың орындалуы мен бюджеттік субсидиялар сомасын растау фактілеріне тексеріс жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жауаптылықта болады.
4.2. Міндеттердің бұзылуына әкелетін нақты себептермен, өзге де жағдайлармен авиатасымалдарға уақтылы төлем жүргізілмеген жағдайда Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
4.3. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзған Тарап бұл туралы үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде екінші Тарапқа хабардар етуге және кемшіліктерін жою үшін қолынан келген барлық әрекетті жасауға міндеттенеді. Өз міндеттемелерін бұзушылықты жоймаған жағдайда Шарттың 4.1-тармағына сәйкес кінәлі Тарап жауаптылықта болады.
5. Форс-мажорлық жағдайлар
5.1. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда әрбір Тарап бұл туралы екінші Тарапқа үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде дереу хабардар етуі тиіс.
5.2. «Форс-мажорлық» жағдайлар деп Шарттың орындалуына кедергі келтіретін табиғи зілзалалар, Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін Тараптардың өздеріне байланыссыз мемлекеттік органдардың, оның ішінде қаржылық органдардың іс-әрекеттері, әскери қимылдар, төтенше жағдайлар мен жұмылдыру іс-шараларын жариялау, ауа райы мен табиғи және кез келген басқа да жағдайлар түсініледі.
5.3. Егер форс-мажорлық жағдайлар отыз күнтізбелік күн бойы болса және тоқтамаған жағдайда, Тараптар Шарт бойынша өздерінің әрі қарайғы іс-әрекеттерін жазбаша түрде келіседі.
6. Шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту мен бұзу шарттары,
дауларды қарау тәртібі
6.1. Шарт 200__жылғы «___»______ бастап күшіне енеді және 200_жылғы «___»______ дейін қолданылады.
6.2. Шарттың қолданылу мерзімін екі Тараптың келісімімен авиабағытқа берілген куәлікте көзделген мерзімге тиісті Қосымша келісім жасай отырып ұзартуға болады.
6.3. Шарт мынадай негіздер бойынша бұзылуы мүмкін:
Тараптардың өзара келісімі бойынша;
екінші тарап міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Тараптардың бірінің талап етуі бойынша.
6.4. Шартты орындаудан бір жақты бас тарту немесе Шартты бір жақты бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6.5. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешеді, келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешілетін болады.
6.6. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен қосымшалар жазбаша түрде әрбір Тарапқа бір данадан орыс тілінде бірдей заңдық күші бар екі данада жасалады және екі Тарап та қол қояды.
6.7. Осы Шарт 200_жылғы "___"______ қаласында әрбір Тарапқа бір данадан орыс тілінде бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
7. Тараптардың деректемелері мен қолдары
Жолаушылардың және жүктің тұрақты
ішкі авиатасымалдарын
бюджеттік субсидиялаудың
200 жылғы «___»______
№ ____ шартына
1-қосымша
Әрбір авиабағыт бойынша және кіріс, тарифтер
деңгейін қамтамасыз етпейтін авиабағыттардың тізбесі
Өлшем бірлігі: теңге, ҚҚС-пен
Осы 1-қосымша Жолаушылардың, жүктің, багаждың және почтаның тұрақты ішкі авиатасымалдарын бюджеттік субсидиялаудың 200 жылғы «___»______ № ___ Шартының ажырамас бөлігі болып табылады.