Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 17 Қаулысы
(2014.31.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2008.17.07. № 702 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Нарыққа реттеушілік ықпал жасау мақсатында 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға және шығаруға 1 270 188 800 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. ҚР Үкіметінің 2014.31.07. № 860 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Орталық атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.