7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі:
Зерттеуді 16 облыстың ірі және шағын қалаларында, аудан орталықтарында және ауылдарда іріктеу арқылы зерттеу жүргізу, барлығы 5120 сауалнамаға жауап беруші.
Барлық облыстардан тұтыну қызметтерінде істейтін 2100 мемлекеттік қызметшілерге зерттеу жүргізу.
Екі мемлекеттік органның басқару қызметіне талдау жүргізу.
Түпкі нәтижесі:
Мемлекеттік қызмет сапасын бағалау жөнінде халыққа үнемі әлеуметтік сауалдамаларды бәрінің қолы жететін бұқаралық ақпарат құралдарында сауалнамалардың нәтижелерін міндетті түрде жариялай отырып жүргізу (16 облыс бойынша іріктеу ірі және шағын қалаларды, аудан орталықтарын және ауылдарды қамтитын болады);
Әкімшілік кедергілердің рейтингі және 2006 жылмен салыстырғандағы динамикасы;
Облыстар бойынша жемқорлық картасы;
Үш мемлекеттік органда (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті және Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімдігі) теңестірілген көрсеткіштер жүйесі (ТКЖ) енгізілді.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
Рейтингтерді жасау әкімшілік реформаның тиімділігін бағалауға және өлшеуге мүмкіндік береді. 2006 жылғы зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда қызметтердің нәтижелілігі 72%-ды құрайды, бұл тиімсіз мемлекеттік қызметтен 28% шығын болғанын көрсетеді. Теңестірілген көрсеткіштер жүйесін (ТКЖ) енгізу қызмет тиімділігін және тұтынушылардың қанағатын жоқ дегенде 5%-ға арттырады.
Сапасы: Зерттеу сапасы - мәні 99%-дан едәуір көп деңгейде жоғары статистикалық шынайы, қателесу ықтималдығы 0,01%-дан төмен, жарияланған материалдардың жоғары оқылымы, баяндаманың қарапайымдылығы және безендірілімі, мәліметтердің негізді түсіндірмелері рецензенттермен және кітапты тұтынушылармен расталған.
Уақтылығы: талдамалық зерттеулер нәтижелерін белгіленген мерзімде беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
389-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік қызметшілерді даярлау,
қайта даярлау және біліктілігін арттыру»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 771192 мың теңге (жеті жүз жетпіс бір миллион бір жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру туралы» 1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 4075 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы« 2005 жылғы 31 мамырдағы № 1583 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мәселелері» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1611 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері» 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1156 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасын мемлекеттік қызметтің жоғары кәсіби мамандары, дипломатиялық қызмет персоналы, судьялар, сот жүйесі және прокуратура органдарының қызметкерлерімен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазіргі заманғы талаптарға сай мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және кадрларды қайта даярлау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметке мамандар даярлау, мемлекеттік қызметшілерді даярлау мен біліктілігін арттыруды іске асыратын оқу орындары мен облыстардағы өңірлік орталықтарының қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніңдегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Магистратураға мына мамандықтар бойынша қабылдау: «Мемлекеттік және жергілікті басқару» - 70 адам; «Юриспруденция» - 60 адам; «Халықаралық қатынастар» - 30 адам. Бағдарламалар бойынша оқитын мемлекеттік қызметшілердің орташа жылдық контингенті: қайта даярлау - 700 адам, біліктілікті арттыру - 2000 адам. Магистратура бағдарламасының 160 тыңдаушысы үшін 30 күндік халықаралық тағылымдамалар ұйымдастыру, Индиана (АҚШ) университетінде - 20 адам, Әкімшілік ету Ұлттық мектебінде (Франция)- 5 адам, Ресей Мемлекеттік қызмет академиясы - 35 адам, Ольстер университетінде (Ұлыбритания) - 23 адам, Қытай - 10 адам, Сауд Аравиясы - 2 адам, Австрия - 25 адам, Нидерланды - 20 адам, Германия - 10 адам, Сингапур - 10 адам.
Халықаралық сарапшылар мен дәріскерлерді шақыру: Франциядан - 2 адам, Ұлыбританиядан - 1 адам, Жапониядан - 1 адам, Германиядан - 1 адам, Ресейден - 4 адам, АҚШ - 2 адам, Сингапурдан - 1 адам, Әзірбайжаннан - 1 адам, Қырғызстаннан - 1 адам, Латвиядан - 1 адам. Ғылыми монография - 3, ғылыми мақалалар жинағы - 2, ғылыми-талдау журналы - 4 басып шығару. 516 данадан кем емес активтер мен материалды емес активтерді сатып алу.
Түпкі нәтиже: Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, дипломатиялық қызмет персоналы, судьялар, сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды арттырудағы қажеттілік жалпы қажеттіліктің 55-70 пайызын құрайды.
Мемлекеттік қызметшілерді магистратура мен аспирантура бағдарламалары бойынша даярлаудағы қажеттілік жалпы қажеттіліктің 70-80 пайызын құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 2007-2009 жылдарға жинақталған бір магистрант пен аспиранттың орташа айлық стипендиясы - 33,7 мың. теңгені құрайды.
Уақытылығы: оқуды бітірген мемлекеттік қызметшілердің саны - 135 магистрант.
Сапасы: мемлекеттік қызметшілерге жүктелген қызметтерді сапалы орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жүктелген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін белгіленген мерзімдерді ескере отырып, іс-шараларды толық мөлшерде 100 пайыз сапалы орындау.
Академия бітірушілерінің сапалы дайындығын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
390-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік қызметшілердің шетелдерде біліктілігін арттыру»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 231161 мың теңге (екі жүз отыз бір миллион бір жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі ережені бекіту туралы» № 357 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» № 1457 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республиканың мемлекеттің қызметін жетілдіру мақсатында перспективалы кадрларды даярлауды ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені зерделеу және қосымша кәсіби білім алу үшін таңдаулы шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтарға мемлекеттік қызметшілерді жіберу. Әлемдік тәжірибені зерделеу және кәсіби дәрежесін арттыру үшін өз қызметкерлерін жіберуі үшін мемлекеттік органдарға жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: