Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 581д Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
9) тармақшадағы «62» деген сандардан кейін «62-1» деген сандармен толықтырылсын;
12) тармақшадағы «124» деген сандар алынып тасталсын;
13) тармақшадағы «163-1» деген сандардан кейін «163-2» деген сандармен толықтырылсын;
19) тармақшадағы «288» деген сандар алынып тасталсын;
21) тармақшадағы «338-2» деген сандар алынып тасталсын;
28-1) тармақшадағы «372-1» деген сандардан кейін «372-2» деген сандармен толықтырылсын;
1) Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы бойынша:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 10029919 мың теңге (он миллиард жиырма тоғыз миллион тоғыз жүз он тоғыз мың теңге)»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында реттік нөмірі 3-жолдағы «Қазақстан Республикасы Парламентінің мемлекеттік қызметкерлерін Парламентаралық Ассамблеясы ЕурАзия экономика қауымдастығының шеңберінде біліктілігін арттыру» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде» «48 мемлекеттік қызметшіні шетелде оқыту» деген сөздер алынып тасталсын;
«Қаржы-экономикалық нәтижеде»:
«Бір қызметкерді шетелде оқытуға шығатын орташа шығыс 206,63 мың теңге.» деген сөздер алынып тасталсын;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бойынша:
көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1584804 мың теңге (бір миллиард бес жүз сексен төрт миллион сексен төрт мың теңге)»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында «Есептеу техникасы құралдарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету. Ақпараттық жүйелер мен жергілікті қамтамасыз етуді сүйемелдеу» деген сөздер «Бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу және қолдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 11-қосымшада:
019-бағдарламаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«019 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесінде:
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту.»;
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту.»;
7-тармақта:
«Қаржы-экономикалық нәтижеде»:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы ұлттық талдамалық орталық» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру.» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту.» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 14-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 53069213 мың теңге (елу үш миллиард алпыс тоғыз миллион екі жүз он үш мың теңге)»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 5-жолда «Ішкі істер министрлігінің № 3, 6, 7 әкімшілік-тұрмыстық корпустары;» деген сөздерден кейін «№ 2 әкімшілік ғимараты,» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 6-жолда «ұйымдастыру және басқа да техникалар, жабдықтар,» деген сөздерден кейін «трансформаторлар» деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 15-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 8336 мың теңге (сегіз миллион үш жүз отыз алты мың теңге)»;
2-тармақ «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің 2005 жылғы 25 қарашадағы шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумағындағы ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың басқа да қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру жөніндегі бюро туралы ереже» деген сөздермен толықтырылсын;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында «Халықаралық қылмыспен тиімді күрес жүргізу мақсатында ақпараттық қамтамасыз ету үшін 1 адам» деген сөздерден кейін «Мәскеу қаласында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті үйлестіру бюросының қызметкеріне тұрғын үй-жайды жалдауға ақы төлеу жөніндегі шығыстар» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 16-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 243758 мың теңге (екі жүз қырық үш миллион жеті жүз елу сегіз мың теңге)»;
көрсетілген қаулыға 17-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 127916 мың теңге (бір жүз жиырма жеті миллион тоғыз жүз он алты мың теңге)»;
көрсетілген қаулыға 20-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 253982 мың теңге (екі жүз елу үш миллион тоғыз жүз сексен екі мың теңге)»;
көрсетілген қаулыға 21-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
2) тармақшада:
«Астана қаласының Ахуалдық орталығын» деген сөздерден кейін «және Ақтөбе, Павлодар, Астана, Қарағанды қалаларындағы Жедел басқару орталықтарын» деген сөздермен толықтырылсын;
«- бағдарламалық қамтамасыз етуді» деген сөздерден кейін «; Ахуалдық орталықты және Ақтөбе, Павлодар, Астана, Қарағанды қалаларындағы Жедел басқару орталықтарын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«3) бейнеконференцбайланыс жүйесін кеңейту (бейнеконференц-байланыстары сеанстарын мұрағаттау сервері, бейнеконференц байланыстың топтық терминалы), желілік қауіпсіздік жүйесін, мониторингті және желіні басқаруды кеңейту (сервер, бағдарламалық қамтамасыз ету).«;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде» «Астана қаласының Ахуалдық орталығын» деген сөздерден кейін «және Ақтөбе, Павлодар, Астана, Қарағанды қалаларындағы Жедел басқару орталықтарын» деген сөздермен толықтырылсын;
«Соңғы нәтижеде» «Астана қаласының Ахуалдық орталығын» деген сөздерден кейін «және Ақтөбе, Павлодар, Астана, Қарағанды қалаларындағы Жедел басқару орталықтарын» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 28-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны 858218 мың теңге (сегіз жүз елу сегіз миллион екі жүз он сегіз мың теңге)»;
7-тармақта:
«Тура нәтижеде»:
«- әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне кем дегенде 20 пәтер сатып алу;» деген сөздер «- әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне кемінде 33 пәтер сатып алу;» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 33-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны 5154475 мың теңге (бес миллиард бір жүз елу төрт миллион төрт жүз жетпіс бес мың теңге)»;
көрсетілген қаулыға 34-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 17810404 мың теңге (он жеті миллиард сегіз жүз он миллион төрт жүз төрт мың теңге)";
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 3-жолда «Алматы қ. бір бөлмелі пәтер сатып алу - 1 бірлік, екі бөлмелі - 1 бірлік.» деген сөздер «Алматы қаласында пәтерлер сатып алу (бір бөлмелі - 2 бірлік, екі бөлмелі - 1 бірлік).» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде»:
«Алматы қ. бір бөлмелі пәтер сатып алу - 1 бірлік, екі бөлмелі - 1 бірлік» деген сөздер «Алматы қаласында пәтерлер сатып алынды (бір бөлмелі - 2 бірлік, екі бөлмелі - 1 бірлік).» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 39-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 4677606 мың теңге (төрт миллиард алты жүз жетпіс жеті миллион алты жүз алты мың теңге)»;
5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 114487541 мың теңге (он төрт миллиард төрт жүз сексен жеті миллион бес жүз қырық бір мың теңге)»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны:
мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің ғимаратын ұстау жөніндегі шығыстарға ақы төлеу.»;
көрсетілген қаулыға 43-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1676318 мың теңге (бір миллиард алты жүз жетпіс алты миллион үш жүз он сегіз мың теңге)»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолда:
«95 ұйымдар мен конвенциялар.» деген сөздерден кейін «Ядролық зерттеулердің біріккен институтына, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына және ТҮРКІСОЙ-ға Қазақстан Республикасының үлестік қаржы жарналарын төлеу және берешегін өтеу.
Тони Блэрдің Таяу Шығыс бойынша халықаралық делдалдар «квартетінің» (БҰҰ, АҚШ, ЕО және РФ) Арнаулы өкілі құрған Палестинаның білім беру қорына ресми қаржы көмегін көрсету.»; деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 3-жолда:
«ТМД мониторинг институты» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорына үлестік жарнасын төлеу.» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Қаржы-экономикалық нәтижеде»:
«17121» деген сандар «2553» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 44-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
1-тармақтағы «200» деген сандар «78» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. «Масштабы 1:50000 жаңартылған демаркациялық карталар жасау;
3-2. «Шекаралық белгілерді дайындау. Оларды жұмыстарды орындайтын жерге жеткізу»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде»:
«280» деген сандар «158» деген сандармен ауыыстырылсын:
«, жүйелердің аражігін ажырата отырып топографиялық карта шығару» деген сөздерден кейін «Масштабы 1:50000 жаңартылған демаркациялық карталар жасау; шекаралық белгілер дайындау, оларды жұмыстарды орындайтын жерге жеткізу» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 46-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1196526 мың теңге (бір миллиард бір жүз тоқсан алты миллион бес жүз жиырма алты мың теңге)»;
көрсетілген қаулыға 48-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1947687 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз қырық жеті миллион алты жүз сексен жеті мың теңге)»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«- аяқтау» деген сөз «- жалғастыру» деген сөзбен ауыстырылсын:
«- Ресей Федерациясында (Мәскеу қаласы) Қазақстан Республикасының Елшілігі мен мәдени орталығын орналастыру үшін әкімшілік кешен құрылысына жер учаскесін ресімдеу және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде»:
«Мадрид (Испания) қалаларында сатып алынатын, Әбу-Даби (БАӘ) қаласында салынып жатқан, Киев (Украина) қаласында салынатын жылжымайтын мүлік объектілерінің болуы.» деген сөздер «Мадрид (Испания) қаласында сатып алынған, Әбу-Даби (БАӘ) және Киев (Украина) қалаларында салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерінің болуы.» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және Ресей Федерациясында (Мәскеу қаласында)» деген сөздер алынып тасталсын;
6) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 52-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны 440389 мың теңге (төрт жүз қырық миллион үш жүз сексен тоғыз мың теңге)»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1-жолмен толықтырылсын: