7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жалпы алаңы 1621900 гектар жерге жүргізілген іс шаралар кешенінің нәтижесінде суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйі туралы ақпарат алынады, инженерлік дайын суармалы жерлерге мелиоративтік іс-шаралардың орындалуы бойынша мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады, жердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту және сақтау жөніндегі нұсқаулар мен іс-шаралар әзірленеді. Су объектілерін қорғау және пайдалану саласында жобалау-іздестіру жұмыстарына нормативтік-әдістемелік құжаттар әзірлеу және бекіту.
Мемлекеттік мекемелер жарақтандырылатын болады: Жетісу гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: 10 бірлік құрылғылар мен жабдықтармен; Оңтүстік-Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: топырақ өлшейтін 1 жиынтық құрылғымен; Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: 2 бірлік лабораториялық жабдықпен - (топырақ үлгілерін ұсақтағыш (ИИП-1), лазерлік центтрирмен электронды тахометр (ТС 403,3)), бағдарламалық қамтамасыз ету - 1С: Бухгалтерия.
Түпкілікті нәтиже: жердің, суармалы судың ұтымды және тиімді пайдаланылуы, тұзданудың, сортаңданудың, суландыру эрозиясы дамуының және топырақ құнарлылығының төмендеуінің алдын алу; жобалау-іздестіру жұмыстарының тиімді және сапалы орындалуы, келісілген нормалармен және ережелермен қамтамасыз етілуі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 (бір) гектар суармалы жердің мелиоративтік жай-күйін бағалаудың орташа құны - 97,4 теңге/гектар. Бір нормативтік-әдістемелік құжаттың орташа құны - 0,5 миллион теңге. (Есеп материалдық-техникалық жарақтандыру шығындары есепке алынбай жүргізілген).
Уақыттылығы: белгіленген мерзімде орындалған іс-шаралардың нәтижесін ұсыну.
Сапасы: жерді пайдалану коэффициентінің жыл сайын ұлғаюымен инженерлік дайын жерлерді тиімді пайдалану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
103-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Өсімдіктерді қорғау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3326913 мың теңге (үш миллиард үш жүз жиырма алты миллион тоғыз жүз он үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 20-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы;»«Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы;»«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикада қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республика аумағында фитосанитариялық жағдайға жүйелі түрде бақылау жүргізу; ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай дамуы мен таралуының ошақтарын толық анықтау; ауыл шаруашылығы дақылдары мен пайдаланатын жер үшін аса қауіпті зиянды организмдердің санын қауіпсіз (ЗЭШ - зияндылықтың экономикалық шегінен төмен) деңгейге дейін төмендету; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мейлінше анық болжамдарымен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 105,0 миллион гектар алаңда аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай дамуы мен таралу ошақтарын анықтау; 9,2 миллион гектар алаңда зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің пайда болуына, дамуына және таралуына жүйелі түрде зерттеу жүргізу; Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығын: 26 бірлік - автокөлік құралдарымен, 78 бірлік - лабораториялық жабдықтармен, 106 бірлік - ұйымдастыру техникасымен, 26 жинақтама - кеңселік жиһаздармен, 176 бірлік - шегіртке тәрізділерді табуға арналған аспаптармен, 174 бірлік - палаткамен, 199 бірлік - сейфпен, 100 бірлік - цифрлы фотоаппаратпен, 100 бірлік - энтомологиялық сөмкемен жарақтандыру.
3,0 - 3,5 миллион гектар алаңда аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу.
Түпкілікті нәтиже: ерекше қауіпті зиянды организмдердің қоныстанғаны анықталған алаңдармен салыстырғандағы химиялық өңдеулермен қамту алаңдарының пайызы: ерекше қауіпті зиянкестер бойынша - 100%; бидайдың аурулары (тат және септориоз) бойынша - 42%.
3,0 - 3,5 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарының ерекше қауіпті зиянды организмдерінің санын қауіпсіз (ЗЭШ - зияндылықтың экономикалық шегінен төмен) деңгейге дейін азайту;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мейлінше анық болжамдармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің пайда болуына, дамуына және таралуына жүйелі түрде бақылау және зертеу жүргізудің 1 гектар жалпы шығыны - 9,89 теңге; ауыл шаруашылығы дақылдарының және алқаптардың 1 гектар ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы іс-шаралар жүргізуге жалпы шығыны - 868,0 теңге.
Уақыттылығы: аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы оңтайлы мерзімде жүргізілген химиялық өңдеулердің пайызы - 100%.
Сапасы: ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы жүргізілген химиялық өңдеулердің уақтылығы мен сапасына қанағаттанған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің пайызы - 80 % жоғары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
104-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Өсімдіктер карантині»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 975504 мың теңге (тоғыз жүз жетпіс бес миллион бес жүз төрт мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 18-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы;»«Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы;»«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысы; «Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 773 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.