«Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» және «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестерінің құрамдары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 қыркүйектегі № 833 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1-қосымшаға сәйкес құрамда «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлары кеңесін;
2-қосымшаға сәйкес құрамда «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.