Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 40 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 40 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 216-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) кіріспесінде:

«Жарлықтарын» деген сөз «Жарлығын» деген сөзбен ауыстырылсын;

«, «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы» 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153» деген сөздер алынып тасталсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген оларға қарсы алдын ала егулер жүргізілетін жұқпалы және паразиттік аурулардың тізбесінде:

1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«b типті гемофилдік жұқпа»;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген жоспарлы алдын ала егілуге тиіс адамдардың топтарында:

1) тармақшада «қызамық» деген сөзден кейін «, b типті гемофилдік жұқпа» деген сөздермен толықтырылсын;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген Алдын ала егулерді жүргізу ережесіне қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 22 қаңтардағы

№ 40 қаулысына

қосымша

 

 

Алдын ала егулерді жүргізу мерзімдері

 

(кестенің жалғасы)