2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Павлодар облыстық мәслихатының (III сайланған XXII сессиясы)
2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 99/22 шешімі
(2007.19.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексінің 85-бабына сәйкес облыстық мәслихат шешім етеді:
Павлодар облыстық мәслихатының 2007.23.01. № 3/23; 2007.13.04. № 17/24 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.13.07. № 55/26 (2007 жылдың 1-қаңтарынан қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) ; 2007.19.10. № 10/2 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2007 жылға арналған бюджет 1-қосымшаға сәйкес мына көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 44648160 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 14851259 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 134524 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 360 мың теңге;
трансферттердің түсімі - 29662017 мың теңге;
2) шығындар - 44866224 мың теңге;
3) операциялық сальдо - - 218064 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттер- - 1672602 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1026748 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2699350 мың теңге;
5) қаржылық активтермен операция бойынша сальдо - - 239875 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 248407 мың теңге;
мемлекеттік қаржылық активтерін сатудан түскен түсім - 488282 мың теңге;
6) бюджет профициті - 1694413 мың теңге;
7) бюджет профицитін пайдалану - 1694413 мың теңге, соның ішінде:
берешектің түсімі - 730000 мың теңге;
берешекті өтеу - 2829957 мың теңге;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 405544 мың теңге.
2. Облыстың аудандары мен қалаларының бюджеттеріне салықтардан түсетін түсімдердің жалпы сомаларының 2007 жылы бөлінуі мына мөлшерлерде:
жеке табыс салығы бойынша:
Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларына - 100 пайыз;