«Кеден органының тауарды жiктеу жөніндегі шешiмiн қабылдау
ережесін және оның нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің
2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 385 Бұйрығы
(2006.12.07. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 27 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 46-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Кеден органының тауарды жiктеу жөніндегі шешімiн қабылдау ережесi және оның нысаны бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Кедендiк кiрiстер басқармасы (Н.С. Жанарбаева) осы бұйрықтың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.I. Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2006.12.07. № 240 Бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т. Әбдішевке қалдырамын.
5. Осы бұйрық бiрiншi ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Төрағаның
мiндетiн атқарушы
Қаржы министрлiгі Кедендiк
бақылау комитетiнiң төрағасы
мiндетiн атқарушының
2005 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 385 бұйрығымен бекітілген
Кеден органының тауарларды жiктеу жөніндегі шешiмiн
қабылдау ережесi және оның нысандары
1. Жалпы ережелер