Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш,
негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 659 Бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 Бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі бекітілсін.
2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.Ә. Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.