Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 661 бұйрығы
(2025.19.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.05.07. № 198 бұйрығымен (2023 ж. 31 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.04. № 98 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.Ә. Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрінің
міндетін атқарушы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
2007 жылғы»27 желтоқсандағы
№ 661 бұйрығымен бекітілген
Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру
ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.05.07. № 198 бұйрығымен (2023 ж. 31 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.04. № 98 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) арасындағы халықаралық ынтымақтастықты іске асыру тәртібін белгілейді.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.05.10. № 500 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)