Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 Қаулысы
(2008.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Жоспарда белгіленген айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 286 (бұр.ред.қара); 2008.05.05. № 419 (бұр.ред.қара); 2008.22.05. № 491 (бұр.ред.қара); 2008.30.05. № 521 (бұр.ред.қара); 2008.05.06. 540 (бұр.ред.қара); 2008.26.06. № 615 (бұр.ред.қара); 2008.30.06 № 655 (бұр.ред.қара); 2008.19.09. № 866 (бұр.ред.қара); 2008.26.09 № 890 (бұр. ред. қара) ;2008.24.10. № 985 (бұр.ред.қара); 2008.05.11. № 1014 (бұр.ред.қара) ; 2008.12.11 № 1046 (бұр.ред. қара) ; 2008.13.11 № 1054 (бұр.ред. қара); 2008.27.11. № 1095 (бұр.ред.қара); 2008.01.12 № 1117 (бұр.ред.қара); 2008.18.12. № 1177 (бұр.ред.қара); 2008.20.12 № 1191 (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 1237 (бұр.ред.қара) ; 2008.26.12. № 1280 (бұр.ред.қара) ; 2008.31.12. № 1337 (бұр.ред.қара) қаулыларымен жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 2 ақпандағы
№ 88 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау
жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары
Ескертпе:
Аббревиатуралар мен қысқарған сөздердің толық жазылуы:
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
СӘК - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті