Резидентура туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 28 бұйрығы (күші жойылды)

Резидентура туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 28 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және білікті медицина кадрларын даярлау сапасын және халыққа медициналық көмек көрсетуді одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Резидентура туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім, ғылым және кадр ресурстары департаменті (Хамзина Н.Қ) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануына жіберсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2008 жылғы 30 қаңтардағы

№ 28 бұйрығымен бекітілген

 

 

Резидентура туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан, білім беру қызметінің осы түріне лицензиясы және клиникалық базалары бар Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында (бұдан әрі - Білім және ғылым ұйымдары) резидентурада медицина кадрларын даярлау тәртібін айқындайды.

2. Резидентурадағы мамандарды даярлау денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

3. Резидентурадағы мамандарды даярлау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.