«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы
№ 108 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 16 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары бір ай мерзімде тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары Жоспарда белгіленген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жыл сайын 20 маусым мен 20 желтоқсаннан кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын 30 маусым мен 30 желтоқсаннан кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 14 ақпандағы
№ 108 қаулысымен
Бекітілген
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
| Р/с № | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындауға жауапты- лар | Орындалу мерзімі | Бол- жамды шығыс- тар, (мың теңге) | Қаржы- лан- дыру көзі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |