Кейбiр акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар
кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысы
(2007.29.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 19 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.19.03. № 250 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
1. Акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен 1-қосымшаға сәйкес құрамдарда кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiн сайлауды қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 05.04.03 ж. № 328 (бұр.ред. қара); 2005.19.03. № 250 (бұр.ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. ҚР Үкіметінің 2006.06.12. № 1179 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының