Ескертпелер:
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында штат бірліктерін айқындау кезінде оқу жылының 1 қаңтарындағы білім алушылардың тізімдік құрамы бойынша саны негізге алынады.
2. Оқу процесіне электронды оқыту жүйесін енгізу кезінде немесе ақпараттық жүйені қолдану салалары бойынша мамандар даярлау кезінде білім алушылар санына қарамастан директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
3. Белгіленген және жоғары біліктілік деңгейіндегі кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар санына қарамастан директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
4. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында техникалық, технологиялық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша 12-15 білім алушыдан тұратын өндірістік оқу тобына бір штат бірлігі, ал күрделі жабдықтарға қызмет көрсетуге, қауіпті және күрделі жұмыстар орындауға байланысты кәсіптер бойынша 8-10 білім алушыдан тұратын топқа өндірістік оқыту шебері лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 500 немесе одан да көп әскери міндеттілер және әскерге шақыру жасындағы білім алушылар болған жағдайда, кадр және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор лауазымының штат бірлігі белгіленеді.
6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша кемінде 150 білім алушы бар болса, ал кәсіп немесе мамандық бейінінің ерекшелігіне байланысты кемінде 120 білім алушы болса, мамандықтар тобы бойынша бөлімше меңгерушісі лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер лауазымының штат бірлігі енгізіледі.
8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік бірлестік болған кезде директордың оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары, әдіскер, техник-бағдарламашы, аудармашының штат бірліктері қосымша белгіленеді.
9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жатақхана бойынша тәрбиеші лауазымының штат бірлігі жатақханада тұратын әрбір 75 білім алушыға және әрбір 25 жетім балаға қосымша енгізіледі.
10. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 20 және одан да көп жұмыс істеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және ауылшаруашылық машиналары) болған кезде механиктің штат бірлігі белгіленеді.
11. Бірқатар пәндер шет тілінде оқытылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында шет тілі бойынша әдіскер лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.
12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша еңбекақы төлеу қорының шегінде немесе көрсетілген ақылы қызметтерден түскен қаражат есебінен қажет болған жағдайда кәсіптердің (қызметшілер мен жұмысшылардың) мынадай штат бірліктері қосымша белгіленеді: аға оқытушы, экономист, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, консультант-заңгер, мұрағатшы, оқу бөлімінің меңгерушісі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, қойма меңгерушісі, медициналық пункттің меңгерушісі, асхана меңгерушісі, сүйемелдеуші, көркемдік жетекші, костюмер, суретші, киномеханик, үрмелі аспаптардың күйін келтіруші, дене шынықтыру және бұқаралық жұмыстар жөніндегі нұсқаушы, қосымша білім беру педагогы, музыкалық жетекші, жастар істері жөніндегі инспектор.
13. Эксперимент режимінде бірнеше тілде қатар оқытатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар саны 281-ден көп болғанда, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдарының штат бірліктері әр оқыту тілінің түріне жеке белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2020.03.06. № 346 Қаулысымен 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы ұйымдар қызметкерлерінің
үлгі штаттары
ҚР Үкіметінің 2020.03.06. № 346 Қаулысымен ескертпе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арнаулы білім беру ұйымдарында тәрбиешілердің саны тәрбиеленушілердің әр тобына 2 штат бірлігі есебінен белгіленеді.
2. Сыныптар және тәрбиелеу топтарының толықтырылуы мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы білім беру ұйымдары туралы тиісті нормативтік құқықтық актіде айқындалады.
3. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жексенбі және мереке күндері осы ұйымда қалатын балалар бар арнаулы білім беру ұйымдарында қосымша мынадай лауазымдар:
осындай әрбір 25 балаға бірақ әр ұйымға 0,25 бірліктен кем болмайтын тәрбиеші лауазымының 0,25 штат бірлігі;
ұйымда кемінде осындай 25 бала болған кезде аспаз лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.
4. Жүріп-тұру мүшелері, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында 12-15 - балаға бір штат бірлігі есебінен, кемтарлығы күрделі балаларға балалар саны 6-дан аспайтын топтарға бір штат бірлігі есебінен логопед мұғалім және дефектолог мұғалім лауазымдары белгіленеді.
5. Бір немесе бірнеше мектепке дейінгі топтары бар арнаулы білім беру ұйымдарында әрбір топқа мынадай лауазымдар:
тәрбиеші - екі штат бірлігі;
естімейтін, нашар еститін, кейін саңырау болған балаларға, зағип және нашар көретін, ақыл-ойы кенжелеп қалған балаларға арналған топтар үшін дефектолог мұғалімнің бір штат бірлігі белгіленеді.
6. Көру қабілеті бұзылған, жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі топтарында тәрбиеші көмекшісінің екі штат бірлігі, сөйлеу қабілеті өте нашар әрбір 10 балаға немесе фонетикалық сөйлеу қатары бұзылған әрбір 12 балаға логопед мұғалімнің бір штат бірлігі белгіленеді. Егер мектепке дейінгі топтардың жатын бөлмелері қатар орналасса, әрбір екі топқа 2,5 штат бірлігі есебінен тәрбиешінің көмекшісі, 0,5 штат бірлігі есебінен кір жуу машинисі лауазымдары белгіленеді.
7. Арнаулы білім беру ұйымдарында екі немесе одан да көп мектепке дейінгі топтар болған кезде аспаз және қосалқы жұмысшы лауазымдарының 0,5 штат бірліктері қосымша белгіленеді.
8. Көру қабілеті бұзылған балаларға, жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған төрттен тоғызға дейін топтары бар арнаулы білім беру ұйымдарында қосалқы жұмысшы лауазымының бір штат бірлігі, ал тоғыз және одан да көп топтар болған кезде қосалқы жұмысшы лауазымының екі штат бірлігі қосымша белгіленеді.
9. Жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында: тәрбиеленушілерінің саны 100 дейін осы ұйымдарда ортопедиялық аппараттарды жөндеу жөніндегі техник лауазымының 0,5 штат бірлігі және тәрбиеленушілер саны 100 астам болса, 1 штат бірлігі белгіленеді.