Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысы
(2017.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары;
2) Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2008 жылғы 30 қантардағы
№ 77 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің
үлгі штаттары
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары
қызметкерлерінің үлгі штаттары
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының бір тобына
есептелген тәрбиешілер мен тәрбиешілер көмекшілерінің
штат бірліктері