Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының
кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын
акцизделетін тауарларға арналған акциз
ставкалары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысы
(2007.07.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 19 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.07.05. № 364 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2007.07.05. № 364 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1. 1-2-қосымшаларға сәйкес 2000 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға акциз ставкалары белгіленсін.
2. 3-қосымшаға сәйкес 2000 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің