«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысы (2015.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысы

(2015.27.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2011.30.09. № 1122 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15 және 238-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне (бұдан әрі - ұйымдардың қызметкерлері) еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленсін.

Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесі:

1) азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптауға сәйкес әзірленетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі.

Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптау қызмет саласына, біліміне, біліктілік деңгейіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне және жауапкершілік деңгейіне байланысты басқарушы, негізгі, әкімшілік және қосалқы персоналдардан қалыптасады;

2) азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық жалақыларын (бұдан әрі - ЛЖ) есептеуге арналған базалық лауазымдық жалақыға (бұдан әрі - БЛЖ) қолданылатын коэффициенттер;

3) жұмысшылардың ЛЖ (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған БЛЖ-ға қолданылатын коэффициенттер;

4) ұйымдар қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар және үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақы және өтемақылар;

5) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлерінің шетел валютасындағы ЛЖ (тарифтік мөлшерлемелер) схемалары негізінде еңбекақы төлеуді қамтиды.

Кесімді еңбекақы төлеу жүйесі орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) немесе дайындалған өнімнің заттай өлшем бірліктерінде көрсетілген әр бірлігі (көлемі) үшін еңбекақы төлеуді көздейді.

ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 45 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қоса беріліп отырған:

1) азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы;

2) азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша ЛЖ есептеуге арналған коэффициенттер;

3) жұмысшылардың ЛЖ (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер;

4) ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;

5) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;

6) ұйымдардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және ынталандырушы үстемеақы белгіленетін шығыс түрлерінің тізбесі бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2013.25.01. № 45 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мыналар:

1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры ЛЖ-дан (тарифтік мөлшерлемеден), еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан, азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылатын бір ЛЖ (тарифтік мөлшерлеме) мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өтемақылардан айқындалады;

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры шетел валютасындағы ЛЖ (тарифтік мөлшерлеме) негізге алына отырып айқындалады;

2) ұйымдар қызметкерлерінің ЛЖ-сы (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛЖ-ны (тарифтік мөлшерлемені) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген БЛЖ мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады;

педагог қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін ЛЖ (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады;

заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілеріне ЛЖ ЛЖ-ның белгіленген мөлшеріне жоғарылататын коэффициенттерді қолдану арқылы айқындалады;

3) өтемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады деп белгіленсін.

ҚР Үкіметінің 2012.17.09. № 1209 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.31.05. № 598 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 957 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Мыналар:

1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін осы қаулыда белгіленген шекте қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшері заңнамаға сәйкес салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалады;

2) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт жүйесі ұйымдарының қызметкерлеріне белгіленген еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар басқа қызмет салаларында тиісті лауазымдарда істейтін және мамандығы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылады;

3) ұйымдар қызметкерлерінің ЛЖ-сын (тарифтік мөлшерлемесін) айқындау мақсатында орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) мамандығы бойынша жұмыс өтілін (қызмет саласының ерекшеліктерін ескере отырып) есептеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды;

4) медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді;

4-1) жан басына шаққанда нормативтік қаржыландырылатын орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы мен олардың қызмет нәтижелеріне қарай білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді;

5) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылданған қызметкерлерге жалақысындағы, сауықтыруға арналған жәрдемақысындағы айырма 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес олардың жалақысы мен сауықтыруға арналған жәрдемақысы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жалақысынан және сауықтыруға арналған жәрдемақысынан төмен болып шыққан жағдайларда төленеді;

6) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

7) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы негізінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын азаматтық қызметшілер лауазымдары тізілімінің функционалдық блоктарына және білікті жұмысшыларға жатқызу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітеді.

Тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді деп белгіленсін.

ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1553 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік басқару органдарына:

1) ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету;

2) қызметкерлерге кесімді еңбекақы төлеу кезінде кесімді бағалауларды бекіту құқығы берілсін.

ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1553 Қаулысымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 957 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Ұйымдардың басшыларына:

1) мемлекеттік басқару органымен келісу бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдардың атауларына қызмет ерекшелігін сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдануға, сондай-ақ функционалдық міндеттеріне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестіруге;

2) кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе кредиторлық берешегі болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берілсін.

7. «Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 38-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

кіріспедегі «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысын» деген сөздер «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 200 жылғы « » № қаулысын» деген сөздермен ауыстырылсын.

8. Осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

9. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.27.08. № 976 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.17.09. № 1209 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1553 Қаулысымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.31.12. № 1427 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 173 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді; 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1400 қаулысына

1-қосымша

  

 

Азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ММ - мемлекеттік мекеме

МҚК - мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

 

ҚР Үкіметінің 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1400 қаулысына

2-қосымша

 

 

Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық жалақыларын есептеуге арналған коэффициенттер

 

 

Ескертпе:

1. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының лауазымдық жалақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициент мамандығы бойынша «бір жылға дейін» жұмыс өтілі болған кезде тиісті лауазым санатына сәйкес келетін коэффициент деңгейінде белгіленеді.

2. «Білім беру», «Денсаулық сақтау» салаларындағы негізгі персоналдың лауазымдық жалақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер қызметтің басқа салаларында тиісті лауазымдарды атқаратын және мамандығы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеу кезінде қолданылады.

 

ҚР Үкіметінің 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1400 қаулысына

3-қосымша

 

 

Жұмысшылардың лауазымдық жалақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін)

 есептеуге арналған коэффициенттер

 

 

Ескертпе:

Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі.

Азаматтық қызметшілердің құрамына білікті жұмысшылар кіреді.

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.31.08. № 1109 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.09.11. № 1424 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-қосымша өзгертілді; 2015.27.11. № 957 Қаулысымен  4-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1400 қаулысына

4-қосымша

 

 

Білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар