(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Осы редакция 2007 жылғы 29  желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

                                        Қазақстан Республикасы

                                        Yкіметінiң 1999 жылғы

                                           9  қыркүйектегi

                                          № 1346 қаулысымен

                                             бекітілген

 

Патронат туралы ереже

(2002.11.01. берілген өзгерістерімен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес патронат нысанындағы қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның iшiнде тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да осындай мекемелердегi кәмелетке толмаған балаларға белгiленедi.

Патронат - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншы және қамқоршы орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген тұлға (патронаттық тәрбиешi) жасасқан шарт бойынша азаматтардың отбасына берiлетiн тәрбиенiң нысаны.

Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген тұлға (патронаттық тәрбиешi) мен қорғаншы және қамқоршы органның арасында жасалатын баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың пайда болуына негiз болып табылады.

ҚР Үкіметінiң 11.01.02 ж. № 41 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт:

1) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын;

2) патронаттық тәрбиешiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.