Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 245 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ең озық қолжетімді технологиялар тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 наурыздағы
№ 245 қаулысымен
бекітілген
Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесі
1. Сарқынды суларды салалар бойынша тазарту
Ескертпелер:
Төгінділердің технологиялық нормалары жұмыс істеп тұрған және жоспарланып отырған тазарту құрылыстары үшін мына тазарту технологиялары негізінде белгіленеді:
бірінші кезең типтік жобаларға сәйкес кең қолданылатын технологиялық шешімдерді түсіндіреді;
екінші кезең ең жақсы техникалық-экономикалық көрсеткіштермен сипатталатын неғұрлым прогрессивті техникалық шешім;
үшінші кезең шаруашылық қызметтік қоршаған ортаға кері әсерін толығымен болдырмауға немесе мәнді қысқартуға мүмкіндік береді, ол технологияны енгізудің екі алдыңғы кезеңдерінің (бірінші және екінші кезеңдер) элементтерін үйлестіре алады немесе жаңа техникалық шешім бола алады.
Технологияны таңдау мына факторларды бағалау негізінде жүргізіледі:
сарқынды сулар кәрізінің орталықтандырылған жүйелерінің бар немесе жоқ болуы;
алаңнан тыс тазарту құрылыстарына төгу үшін орнатылған жергілікті тазарту құрылыстарында алдын ала тазартылған сарқынды сулардағы ластағыш заттардың тізбесі және шоғырлану деңгейі;
кәсіпорынның жобалау және/немесе қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасын (ҚОӘБ) әзірлеу кезеңінде бағаланатын экономикалық және технологиялық мүмкіндіктерін ескерумен уәкілетті орган белгілейтін сарқынды сулардың түзілетін көлемдерінің шектік мәндері;
уәкілетті орган белгілейтін өзен бассейніндегі су сапасының стандарттары және/немесе су сапасының нысаналы көрсеткіштері.
2. Жылу энергетикасы
3. Теңіз және континент мұнай газын өндіру
4. Мұнайды, мұнай өнімдерін және көмірсутектік газдарды өндеу және сақтау