(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.24.11. № 1161 ҚАУЛЫСЫ

Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 Қаулысы

(2007.03.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 11 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан халқына Жолдауын icкe асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық атқарушы органдар:

1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

ҚР Үкіметінің 2006.23.12. № 1260 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) жыл сайын жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 1 шілдеге және 1 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларына бip ай мерзімде мәдениет саласын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаларды бекіту және жергілікті бюджеттерде оларды іске асыру үшін қажетті қаражат көздеу ұсынылсын.

ҚР Үкіметінің 2006.23.12. № 1260 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 10 желтоқсанға Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.

ҚР Үкіметінің 2006.23.12. № 1260 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулының орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.