Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 246 Қаулысы
(2009.20.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
"Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы № 535 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдар екі апта мерзімде органның, облыстың, Астана және Алматы қалаларының Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарларын (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) және іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне:
1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы;
2) жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы;
2) жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
6. Мыналар:
1) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күні Іс-шаралар жоспарының орындалу мәселелері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысында өтетін кеңестерде қаралады;
2) Іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерінде жылына екі рет, бірінші және үшінші тоқсандар өткен соң Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ұсынысы бойынша қаралады деп белгіленсін.
7. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысына Іс-шаралар жоспарының орындалған тармақтарын бақылаудан алу туралы шешім қабылдау құқығы берілсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.20.07. № 1101 қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 14 наурыздағы
№ 246 қаулысымен
бекітілген
Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру
жөніндегі жалпыұлттық жоспарды орындау жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ