Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 279 Қаулысы
(2014.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 426 Қаулысымен күші жойылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.