«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 наурыздағы № 221 Қаулысы (2012.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 наурыздағы № 221 Қаулысы

(2012.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға және Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға түзетулер енгізу туралы хаттамаға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің 2007 жылғы нұсқасының үйлестірілген жүйесіне көшуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған күн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2)  ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3) ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 133 Қаулысымен күші жойылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 5 наурыздағы

№ 221 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 19 наурыздағы

№ 269 қаулысымен

бекітілген

 

Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін

басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан

Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде

(Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке

алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың

 тізбесі