Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңында белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын тауарлардың тiзбесiн және оны қалыптастыру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 Қаулысы
(2012.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2005.02.03. № 193 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 572 Қаулысымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 572 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 250-бабын және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 49-1-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.02.03. № 193 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 572 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiліп отырған:
Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңында белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын тауарлардың тiзбесi;
Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесiн қалыптастыру ережесi бекiтілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 18.07.03 ж. № 720 қаулысымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 12.02.04 ж. № 170 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 20.04.04 ж. № 437; 20.12.04 ж. № 1334; 2005.22.02 № 162; 2005.02.03. № 193 (бұр. ред. қара); 2005.26.12. № 1287 (бұр.ред.қара); 2006.10.04. № 284; 2007.04.07. № 571 (бұр.ред.қара); 2007.12.07. № 595 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.05.03. № 221 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.24.09. № 882 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.31.12 № 1313 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.14.06. № 582 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.19.08. № 825 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.02.03. № 211 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.04.05. № 572 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2012.29.06. № 885 Қаулысымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 19 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген
Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңында белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын тауарлардың
тiзбесi