Жамбыл облысы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы
Жамбыл облысы мәслихатының 2008 жылғы 8 ақпандағы № 4-3 шешімі
(2008.06.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 5 тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 462 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19 бабының 6) тармақшасына және «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жамбыл облысы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Жамбыл облысы бойынша 2007 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы» Үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 30 наурыздағы № 22-5 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1656 болып тіркелген, 2007 жылғы 28 сәуірдегі № 67 (16.447) «Ақ жол» және 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 46 (16673) «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
Т. ХАЛЫҚ |
| Облыстық мәслихат хатшысы |
Ә. ӘСІЛБЕКОВ |