Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 Қаулысы
(2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.25.01. № 65 (бұр. ред. қара); 2008.15.04. № 344 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен базалық және шекті ставкалар өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1314 қаулысымен
бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және
шекті ставкалары
Ескертпе:
1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
40,75 коэффиценті;
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 344 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына:
энергия өндіруші ұйымдар;
табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффициенттер енгізіледі
1 0,3 коэффициенті;
2 0,43 коэффициенті;
3 0,25 коэффициенті;
3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
30,2 коэффиценті;
4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 344 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффициенттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.